• Қаріптің өлшемі:

Ардагерлер әрдайым сапта

Кілттік сөздер: Аймақ жаңалықтары

ТМД аймағы әлем тарихында орын алған                 елеулі оқиғаны атап өтуде. Дәлірек айтсақ, осыдан алпыс сегіз жыл бұрын қоршауда қалған Ленинград фашистерден азат етіліп, тұтқындары құтқарылды. Бірнеше күнге созылған Ленинград түбіндегі  бұл  шайқаста  миллионнан  астам  жауынгер құрбан болды.
Бұл айтулы күнді біздің жерлестеріміз мәңгі естен шығармақ емес. Соның құрметіне орай Қостанайдағы  "Ата" қоғамдық қоры облыс ардагерлерінің басын қосып, бильярд ойынынан біріншілік өткізді.
Жарыстың ашылу салтанатында шара қонақтары сөз сөйлеп, ел-жұртқа амандық айтысты. Еңбек, тыл ардагері Л.Лемперт мінбеге көтеріліп, Ленинград шайқасының барысын әңгемелеп берді. Кеңес Одағының Батыры С.Баймағамбетовтың, жауынгерлер  М.Салтыков, Қ.Ақтановтың Ленинградты қорғаудағы жанқиярлық ерліктерін сөз етті.
Қала әкімінің орынбасары М.Жұрқабаев жиналған ардагерлер қауымына қала әкімі Жомарт Нұрғалиевтің құттықтауын жеткізді.
Денешынықтыру және  спорт басқармасының бөлім бастығы А.Кайда,   ардагер М.Жүнісов, Алтынсарин аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сейітов, Ленинград шайқасында ерлік көрсеткен   жауынгер Қали Ақтановтың ұлы М.Ақтанов, жеке кәсіпкер А.Бородин бұл шараның маңыздылығын алға тартты, оны ұйымдастырушыларға зор  алғысын білдіріп, қор төрағасы Марат Қабдысалықовтың бұдан бұрын да жасаған қамқорлығын атап өтті. Біріншілік өткізілген "Дәмді" бильярд клубының директоры Е.Багдасарян ардагерлерге деген зор құрметін білдірді.
Салтанатты жиыннан кейін елуге жуық үміткер өзара бақ сынасты. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ішінен Дмитрий Наприенко қатарластарынан оқ бойы озық өнер көрсетті. Тыл ардагерлері арасынан Қанапия Мырзақожа жеңімпаз атанды.


Айбек ЖҮЗБАЙ



Жарияланған: 1 ақпан, 14:34
Кілттік сөздер: Аймақ жаңалықтары


Артқа
Баспа
e-mail жіберу


Жаңалықтар категориялары

Жаңалықтар мұрағаты

Мамыр 2012
 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31    
дсccсрбсжмснжк

Online – сауалнама

Сіз «Электрондық үкімет» бағдарламасы туралы хабардарсыз ба?




Получение результатов голосования. Пожалуйста подождите...

Қостанайдағы ауа-райы

Яндекс.Погода

Валюта курсы

Ежедневные официальные курсы основных валют к тенге доллара евро рубля в Казахстане