• Қаріптің өлшемі:

Тылдағы ерлік туралы кітап шығады

Кілттік сөздер: Аймақ жаңалықтары

Облыстық ардагерлер кеңесі ағымдағы жылдың аяғына дейін әзірге аталуы "Қостанайлықтар – тыл ерлері. Жеке қосқан үлес" кітабын шығаруды жоспарлап отыр.
Ол біздің облыстың 1941-1945 жылдарда соғыста және тылдағы ерлік істері жайлы сыр шерткен "Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында: майдан және тыл бірлігі" атты кітаптың заңды жалғасы болып табылады. Егер ол кітапта тыл кәсіпорындар және ұйымдар арқылы көрсетілсе, ал бұнда Жеңіске жеке үлесін қосқан адамдар туралы көбірек сөз болады. Кітап соғыстан кейінгі онжылдықтарды да қамтымақ – жекелеген тараулар экономиканы, білімді, медицинаны, мәдениетті көтеруге, құқық тәртібін қорғауға белсене қатысқандарға арналмақ.
Редакциялық алқа Қостанай облысының жалпы тұрғындарына 1941-1954 жылдарда жұмыс істеген адамдарды еске түсіруді, солар туралы біздерді хабардар етуді өтінеді. Кітапты құрастырушыларды сол кезеңдегі жеке тұлғалар, оқиғалар, еңбек нәтижелері, орден иегерлері, сыйақылар және басқа да назар аударарлық жағдайлар қызықтырады.
Кітапты шығаруға ведомстволық мұрағаттар, облыстық аудандық және қалалық мұражайлар қызметкерлері көмек көрсете алады.
Барлық ақпарат Ардагерлер үйіне, редакциялық алқа штаб-пәтеріне жинақталады. Материалдарды мына мекенжайға жіберу керек: (Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 68; пошта арқылы, қолма-қол жеткізуге болады).
Тел. 54-11-85; e-mail: sovetveteranovkostanay@mail.ru.
Барлық материалдар кітап шыққаннан кейін облыстық мұрағат пен облыстық мұражайға тапсырылады.


Кенжебек ҮКИН, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.



Жарияланған: 31 қантар, 9:16
Кілттік сөздер: Аймақ жаңалықтары


Артқа
Баспа
e-mail жіберу


Жаңалықтар категориялары

Жаңалықтар мұрағаты

Мамыр 2012
 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31    
дсccсрбсжмснжк

Online – сауалнама

Сіз «Электрондық үкімет» бағдарламасы туралы хабардарсыз ба?




Получение результатов голосования. Пожалуйста подождите...

Қостанайдағы ауа-райы

Яндекс.Погода

Валюта курсы

Ежедневные официальные курсы основных валют к тенге доллара евро рубля в Казахстане